Күзден бастап қыздарға егілетін жатыр мойны обырына қарсы екпе шынымен бедеулікке ұшыратады ма

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті адам папилломасы вирусына қарсы екпе бедеулікке алып келеді деген бейнежазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 17 тамызында TikTok-та жарияланған бейне бүгінде 456 мыңнан астам қаралым жинаған.

"1 қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға папилломасы вирусына қарсы екпе егіле бастайды. Ол жатыр мойыны обырының алдын алады деген ақпарат бар. Бұл өтірік. Бұл екпеден Еуропа да Америка да бас тартқан. Қазақтардан "сынақ қояндарын" жасап жатыр. Екпе бедеулікке алып келеді. Оны еккізген қыздар ертең ұлт санын көбейте алмайды. Сондықтан, бірауыздан қарсы шығыңыздар",- деп айтты ер адам бейнеде.

Аталмыш мәлімет бойынша 28 тамызда Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті түсініктеме берді.

"Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде АПВ (адам папилломасы вирусы) вакцинациясы бедеулікке әкелетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды және фейк деп танылады",- делінген хабарламада.

Ведомство 11 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізу ағымдағы жыллың қыркүйек айына жоспарланғанын атап өтті.

"АПВ-ға қарсы вакцинация үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған және тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеген "Мерк Шарп және Доум" (АҚШ) компаниясы шығарған 4 валентті "Гардасил" вакцинасы қолданылады". Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Олардың айтуынша, Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы/немесе күн сайын 5 жаңа жағдай тіркеледі, жыл сайын 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады немесе күн сайын 2 әйел қайтыс болады.

"Бүгінгі күні АПВ жұқтырудың және жатыр мойны обырының дамуының алдын алудың жалғыз әдісі вакцинация болып табылады. АПВ-ға қарсы вакцинацияның тиімділігін және одан болатын ауырудың ауыртпалығын ескере отырып, бұл вакцинаны Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанды қоса алғанда, 135 ел өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді" Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Сондай-ақ, комитеттің ақпаратынша Қазақстанда жүргізілген зерттеулерді қоса алғанда, көптеген зерттеулердің нәтижелері вакцинаны алмаған әйелдерге қарағанда, АПВ-ға қарсы вакцинация алған әйелдердің неғұрлым қолайлы репродуктивті денсаулығын көрсетеді.

"Көптеген әлемдік зерттеулер (Данияда, Канадада, АҚШ-та және т.б.): фертильдіктің бұзылуымен, аналық бездің сарқылу синдромымен немесе басқа репродуктивті бұзылулармен байланыстың болатынын көрсетті. Бұл тұжырымдар АПВ-ға қарсы вакцинацияның тиімділігі жоғары екенін және оның қауіпсіз екенін растайды, екпе алған әйелдердің денсаулығына пайдалы әсер ететінін, сонымен қатар АПВ-ға қарсы вакцина бедеулікке әкелмейтінін растайды". Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Ведомство жалған ақпарат таратушы тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілгенін атап өтті.

"Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды және барлық азаматты ресми көздердегі сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз",- деп қорытындылады мекеме.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: