Семейде 237 отбасыға пәтер кілттері табысталды

Сурет: Семей әкімдігі
Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Қарағайлы шағын ауданында пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа баспана иелерін құттықтады.

Сурет: Семей әкімдігі

Оның сөзінше, бұл кейінгі жылдары бұл әлеуметтік әділеттіліктің жарқын көрінісі және халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы игі қадам болды.

Сурет: Семей әкімдігі

"Ең алдымен баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясы күні меркесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін Семей қаласында көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, бюджет саласының қызметкерлері және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар жаңа пәтерлердің иегерлері атанып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен соңғы жылдары Семей қаласында құрылыс қарқыны айтарлықтай артып, көптеген тұрғын үйлер бой көтеруде. Бүгін жалпы саны 237 пәтердің кілттері табысталды. Осы жылдың наурыз айында да Қарағайлы шағын ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 77 пәтердің кілті табысталған болатын. Сонымен қатар, 2023 жылы кезекте тұрған 211 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Кейінгі жылдары бұл - әлеуметтік әділеттіліктің жарқын көрінісі және халқымыздың тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы игі қадам", - деді Нұрбол Нұрсағатов.

Сурет: Семей әкімдігі

Сурет: Семей әкімдігі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы