Солтүстік Қазақстан облысында ҰОС ардагері өмірден озды

Сурет: unsplash
96 жасына қараған шағында соғыс ардагері Дмитрий Петрович Сергеев өмірден озды. Қаралы хабармен 2024 жылы 31 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы парақшасындағы жазбасында өңір басшысы ардагердің отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

"Дмитрий Сергеев – нағыз батыр, отанымыздың тарихындағы қиын-қыстау заманнан сүрінбей өткен азамат. Ардагеріміздің өмірі мен ерлігі жас ұрпаққа нағыз үлгі. Аға буынның ерліктері ешқашан ұмытылмауы керек. Дмитрий Петровичтың жарқын бейнесі мәңгі жадымызда", деп жазды Ғауез Нұрмұханбетов.

Дмитрий Петрович 18 жасында соғысқа аттанып, жөндеу взводында, 72-ші байланысшылар жобалау-монтаж тобында бөлімше командирі болды. Оңтүстік Сахалин, жапон соғысына қатысты. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған. Соғыстан кейін Куйбышев және Ленин атындағы зауыттарда 30 жылдан аса еңбек етті.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі