Алматы облысында жүк көліктерінің аккумуляторын ұрлаумен айналысқандар анықталды

Сурет: polisia.kz
Алматы облысының полициясы жүк көліктердің аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының Алатау қаласында полицейлер жүк көліктердің аккумуляторларын ұрлаумен айналысқан екі жігітті анықтады.

"Мазда-323 автокөлігінің жүксалғышын тексеру кезінде патрульдік қызметкерлер жүк көліктің алты аккумуляторын тапты. Олар өз әрекетін түңгі уақытта жасаған. Қараусыз қалған жүк көліктерін мақсатты түрде аңдып, ұрланған аккумуляторларды жүксалғышқа тиеп алып кеткен. Қазіргі уақытта олардың үш ұрлыққа қатыстылығы анықталды", - деді Алатау қалалық полиция басқарма бастығы Нұрлан Сайдалин.

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Полиция ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Тоқаев Жетісу облысының әкіміне Қытаймен шекарадағы Достық пен Қорғастағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды