Алматыда сот шешімімен тағы бір көлік жуу орны бұзылды

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының ақпараты бойынша, Бурундайская көшесі, 91/10 бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету автожуу орнын сот заңсыз деп таныған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін учаскені жалға алушы (жеке тұлға) жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. 

Кейінірек басқарма заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға талап арыз берді. Алматы қаласы СМЭС-тің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен объект өз бетінше салынған деп танылды және бұзу туралы талап-арыздар қанағаттандырылды. 

Алматы қалалық сотының ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды. 

Нысанды бұзуды жалға алушы бүгін Әділет департаментінің сот орындаушыларының көмегімен өз бетінше бастады. 

Еске салайық, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 47 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", "Khan", "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз