Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов басқа қызметке ауысуына байланысты төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ол бұл қызметке 2023 жылғы қыркүйекте тағайындалған еді.

Бауыржан Сыздықов 1973 жылы Шымкентте дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, 2010 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын, 2019 жылы "Синергия" Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін, 2022 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасы Табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу, аумақты және халықты қорғау бөлімінің аға офицері болып бастаған.

2005-2010 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы Аумақты және халықты қорғау бөлімінің аға офицері, бастығы.

2010-2012 жылдары – ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаменті Халықты және аумақты қорғау басқармасының бастығы.

2012-2019 жылдары – Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары, бастығы.

2019-2020 жылдары – Нұр-сұлтан қаласы ТЖД бастығы.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

ТЖМ басшысының 2023 жылғы 23 маусымдағы бұйрығымен ТЖМ аппараты басшысының міндеттерін орындау жүктелді.

2023 жылғы 13 қыркүйекте Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: