Аталмыш құрылғылар жол үстіндегі апаттылықты азайтуда тиімділігін көрсетті. Бұл уақытқа дейін облыста 2022 жылы орнатылған 30 құрылғы жұмыс істеді. Олар орнатылған учаскелерде адамдар зардап шеккен бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеді.
Биылғы жылдың сегіз айында аталған құрылғылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе аз бұзушылық тіркелген, бұдан осы құрылғылардың жүргізушілерді тәртіпке келтіргенін байқауға болады. Әрі, бұл – жол үстіндегі қауіпсіздіктің маңызды қадамы.
Облыста қаңтар айынан бері 297 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 23 адам қаза тауып, 405 адам жарақаттар алды. Бүгінгі таңда апаттылықты азайту – полицияның маңызды міндеттерінің бірі. Аппараттық-бағдарламалық кешендердің тиімділігіне байланысты және азаматтардың өтініштерін ескере отырып, облыстық полиция департаменті тағы 24 құрылғы алды.
Олар өңірдің көше-жол желісіндегі қозғалысы көп учаскелерінде орнатылған. Тағы 2 кешен темір жол өтпесіндегі, 3 кешен жаяу жүргіншілер өткеліндегі бұзушылықтарды тіркейді, ал 4 кешен патрульдік автокөліктерде қойылған.
Бұдан бөлек, қала сыртындағы жолдардың апаттық қауіпті учаскелерінде "Кордон.Про"М аппараттық-бағдарламалық кешендері жұмыс істей бастады.
Бұл құрылғылар жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқару кезінде телефон пайдалану, жол таңбаларының бұзушылықтарын тіркейді. Бұлар солтүстікқазақстандық жүргізушілер тарапынан жиі жасалатын бұзушылықтар. Олар жол-көлік оқиғаларына әкеп соғып, ауыр салдарын ұлайтуы мүмкін. Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.