АЭС жөніндегі референдум. Дауыс беруге арналған бюллетень таныстырылды

Сурет: Zakon.kz/Бауыржан Мұқанов
Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша өткізілетін референдум кезінде дауыс беруге арналған бюллетень таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафинаның айтуынша, сайлаушыларға тек бір сұрақ қойылады.

"Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген. Дауыс берушінің таңдауына екі жауап ұсынылады: " иә, келісемін" және "жоқ, келіспеймін", – деді Сәбила Мұстафина 16 қыркүйекте өткен ОСК отырысында.


Сурет: Zakon.kz/Бауыржан Мұқанов

Бюллетеньдер қазақ және орыс тілдерінде басылып шығарылады. Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне 12 млн 245 мыңға жуық адам енгізілген. Барлығы 12 млн 367 мың бюллетень дайындалады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін