"Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе": 6 қазандағы референдум бюллетені бекітілді

Сурет: gov.kz
Орталық сайлау комиссиясы "2024 жылғы 6 қазанға белгіленген республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньдер дайындау туралы" 2024 жылғы 16 қыркүйектегі қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеннің нысаны мен мәтіні бекітілсін", — делінген құжатта.

Бюллетеньде бір ғана сұрақ қойылады: "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?".

Оған жауаптың екі нұсқасы ұсынылады:

Сурет: ОСК

Референдум қорытындысын шығару кезінде жарамсыз бюллетеньдер ретінде келесілері танылады.

Қаулыға сәйкес, дауыс беру үшін референдумға қазақ және орыс тілінде 12 367 130 бюллетень, сонымен қатар резерв ретінде бір пайыз дайындалады. Бұл ретте референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне 12 244 683 млн адам енгізілген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды