Мас күйінде көлік жүргізген қазақстандықтар енді "жүргізуші куәлігін" алуға арналған емтиханға жіберілмейді

Сурет: pexels
ҚР ІІМ орынбасары Игорь Лепеха 2024 жылғы 19 қыркүйекте сенаттың кулуарында көлікті мас күйінде басқарғандарды "жүргізуші куәлігін" алуға арналған емтиханға жібермеуді көздейтін заң жобасын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда парадоксалды жағдай қалыптасқан.


"Құқығы бар жүргізуші ұсталған кезде, ол әкімшілік тәртіпте 15 тәулікке қамауға алынады, содан кейін 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Ал егер жүргізуші куәлігі жоқ азамат ұсталса, онда ол 20 тәулікке қамауға алынып, шартты түрде бір айдан кейін ХҚКО-ға келіп, емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін ала алады. Енді біз бұл заңды жойдық: қазір бұл санаттағы азаматтар 7 жыл ішінде ХҚКО-ға келіп, "жүргізуші куәлігін" алуға арналған емтиханды тапсыра алмайды. Яғни, олардың құқықтары теңестірілді", – деді Лепеха.

Бұған дейін мопедті уақытында тіркемеген жағдайда қандай шаралар қарастырылғаны хабарланды

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед соқтығысып, бір адам қаза тапты