Таиландта алып жылан бірнеше сағат бойы тұншықтырған әйел аман қалды

Сурет: pixabay
Полиция алып жылан екі сағат бойы тұншықтырған тай әйелін құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN хабарлауынша, 64 жастағы Аром есімді әйел Бангкоктағы үйінде ыдыс жуып тұрған сәтінде, аяқ аймағынан бірнеше шағуды сезінген.

Артынша питон құрбанын жерге құлатқанша орап алған.

Полицияның айтуынша, әйел екі сағат бойы жыланның құрсауынан шығуға тырысқан.

Зардап шегуші бар дауысымен көмек сұраса да, ешкім тіл қатпапты. Ақырында көршілерінің бірі оның айқайын естіп, полицияға хабарласқан.

Полицияның мәліметінше, құтқарушыларға оны босату үшін шамамен 30 минут қажет болды, содан кейін жергілікті тұрғыны емделу үшін ауруханаға жіберілді.

Осыдан кейін жылан қашып кеткен.

Елдің ұлттық саябақтарының мәліметі бойынша, Тайландта жыландардың 250 түрі бар. Оның ішінде алып жыланның үш түрі кездеседі.

Алып жыландар улы емес. Олар құрбанын алдымен тұншықтырып өлтіріп, содан кейін оны толығымен жұтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы