"Үш өңірде жауын-шашын болмайды". Еліміз бойынша 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2024 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан аумағында ауа райы қалай болатынын айтып, қауіпті табиғи құбылыстар болжамымен де бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған деректері бойынша, республикамыздың батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Атап айтқанда, жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Қазақстан бойынша тән ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман болады", – делінген болжамда.

Гидрометорталықтың деректері бойынша, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау өңірінің шығысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Қостанай өңірінің орталығында, Алматы облысының батысында, орталығында, Абай облысының шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. 

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Абай өңірінің оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты