Көзі шығып, денесі қарайып кеткен: Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды

Сурет: Zakon.kz
Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің өлі денесі қоқыс қасынан табылды. Марқұмның мәйіті бірнеше күн бойы далада жатып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, марқұмнның көзі шығып, денесі ісініп, қарайып кеткен. Адам қолынан мерт болған 30 жастағы Вусал Джафаров аралас жекпе-жектегі мансабын он жыл бұрын бастаған.

Жергілікті промо-команда құрамында төрт кездесу өткізген. Соның тек біреуінде ғана жеңіске жеткен. Кейін қылмыс әлеміне жақын болып, сотталып та шыққан. 

"Ер адамның жеке басы анықталды. Оқиға орнын тексергенде шприц, сондай-ақ ер адам шұлығынан ұнтақ табылды. Қаза тапқан адам бұрын тонау және бопсалау деректері бойынша сотталғаны анықталды".Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибатуллаева
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс