Металл сынықтарын жинауға, өңдеуге және сатуға қалай рұқсат алуға болады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2024 жылғы 17 қыркүйектегі бұйрықпен заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру мемлекеттік қызмет болып табылады және оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (ЖАО) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге (ЖАО) электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы құжаттарды жіберу қажет:

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде — көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыға жібереді.

Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттардың берілуін келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға келісуге сұрау салуды жібереді.

Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде сұрау салу жіберілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді.

Мемлекеттік органдар көрсетілген мерзім ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, рұқсат беру келісілген болып есептеледі.

Бұйрық 2024 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: