Шымкентте науқас диагнозын жасанды интеллект көмегімен анықтайды

Фото: akorda.kz
Шымкенттік дәрігерлер инсультті жасанды интеллектінің көмегімен анықтай бастады. Ақылды жүйе компьютерлік томография қондырығысымен жұмыс істейді.

Науқастарға талдау, сараптама жасап, инсульт белгілерін жылдам әрі дәл анықтайды. Тексеру қорытындысы смартфон қосымшасына жүктеліп, қажет адамдарға хабарлама арқылы жолданады. Соның арқасында дәрігерлер аурудың алғашқы сатысында-ақ нақты шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болды. Жасанды интеллектінің диагноз қоюымен осы кезге дейін 40 адамға операция жасалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Қан ұйыған жер дер кезінде анықталып, тамырдағы түйінді тарқатады. Нәтижесінде науқастар қалыпты өмірге оралып, аз күнде аяққа тұрған.

"Жасанды интеллект мидағы цитатостатикалық ісінуді көріп, оң жағы немесе сол жағы мидың екіжақты полушариясын салыстырып, сол жерде мидың қанмен қамтамасыз ету бұзылысын анықтап береді. Бізге аспект шкаласымен көрсетіп беретін болса біз оны дереу түрде операцияға аламыз." Нұржан Қарабаев, рентген хирургиялық емдеу әдістері бөлімшесінің меңгерушісі

Жасанды интеллектті қазақстандық ІТ мамандар мен нейрорадиологтар жасап шығарған. Аурухана дәрігерлері де онлайн жүйені тез меңгеріп алды. Медицина қызметкерлері енді жасанды интеллектінің өзге де мүмкіндіктерін пайдаланып көрмек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады