Шымкентте жүргізуші куәлігіне 10 мыңнан астам адам жете алмай жүр

Фото: Zakon.kz
2024 жылдың басынан бері Шымкент қаласының 24 мыңнан астам тұрғыны жүргізуші куәлігін алуға өтініш білдірді. Алайда, "Азаматтарға арналған үкімет" облыстық филиалында белгілі болғандай, жаңа талаптар куәлікті алуда қиындықтар туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі жүргізуші куәлігін емтихандарды сәтті тапсырған 14 мың адам ғана алғанын айтты.

Нәтижесінде 10 мыңнан астам адам теориялық емтиханнан өте алмады — тәжірибеге жіберілмеді.

"Азаматтарға арналған үкімет" Шымкент филиалында 2023 жылы енгізілген ЖЖЕ 3.0 жүйесінің арқасында теориялық емтихан тапсыру әлдеқайда күрделене түскені атап өтілді.

Жүйе емтихан алушының дене қимылын оқуға, тестілеу процесінің аудио және бейнежазбасын жасауға мүмкіндік береді. Емтихан тапсыру кезінде көрсетілетін қызметті алушыны биометриялық деректер бойынша сәйкестендіреді, бұл бөгде адамдардың емтихан тапсыруын болдырмауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін көлік жүргізу құқығы жоқ азаматтардың темір тұлпарды басқарған жағдайында, жеті жылға дейін "жүргізуші куәлігін" алуға арналған емтиханға жіберілмейтіні хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды