Шымкентте ХКҚО-лар 1 қазаннан бастап жаңа жұмыс кестесіне ауысады

Фото: gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы шымкенттіктерге үндеу жасады. Атап айтқанда, корпорация 1 қазаннан бастап қалада халыққа қызмет көрсету бойынша екі кезекші орталық (ХҚКО) жұмыс істейтітіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 1 қазаннан бастап кезекші кесте бойынша Абай ауданының Мәделі Қожа көшесі, 1Г мекенжайындағы және Қаратау ауданындағы Төлеметов көшесі, 35 мекенжайында орналасқан ХҚКО өз қызметін бастайтын болады.

Кезекші орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбіде-13:00-ге дейін қабылдайды.

Сонымен қатар, Тұран ауданының Мәделі Қожа көшесі, 1г мекенжайындағы ХҚКО 1 қазаннан бастап әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді — қызметтер тек жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін көрсетілетін болады.

Корпорация Абай ауданының ХҚКО-сымен бір ғимаратта орналасқанына назар аударуды сұрады.

Әдеттегі ХҚКО-лар 9:00-ден 18:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма) жұмыс істейді.

Бұған дейін Шымкент полициясының жаңа бастығы тағайындалғаны хабарлады.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды