Қытайдың Пекин және Сиань қалаларында Алматы қаласының туризм күндері өтеді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2024 жылдың 14 қазанында Қытайдың Сиань қаласында және 16 қазанында Пекинде Алматы қаласының туризм күндері өтеді. Іс-шараның мақсаты – туристік саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту, сондай-ақ Алматыға туристерді тарту.

Достық кездесулер аясында Қытай Халық Республикасының жетекші шетелдік туроператорларының, халықаралық әуе компанияларының, туристік қауымдастықтар мен қонақүйлердің өкілдерімен келіссөздер жоспарланған. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы туристік ағынды арттыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою көзделуде.

Іс-шара барысында Алматының бірегей туристік өнімдерін таныстыру қарастырылған. Қатысушылар үшін Қазақстандық әртістердің өнер көрсетуімен және қолөнершілердің шеберлік сағаттарымен мәдени бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл жарқын және есте қаларлық атмосфера сыйлары анық. Өнерпаздар дәстүрлі қазақ әндері мен билерін орындап, қатысушыларды Қазақстанның бай мәдениетімен таныстырады. Сонымен қатар, келушілер ұлттық тағамдардан дәм татып, Алматының аспаздық дәстүрімен де жақынырақ таныспақ.

Іс-шара соңында Қытай Халық Республикасының ірі туроператорлары арасында Алматыға тур ұтыс ойыны өткізіледі. Жеңімпаздар қалаға келіп, "Медеу" мұз айдыны, "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты және мәдени-тарихи мұра нысандары сынды көрікті жерлермен танысуға мүмкіндік алады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды