Оралда жаңа әкім тағайындалды

Сурет: gov.kz
Екі айдан астам уақыттан кейін Оралда қала әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қызметке Мұрат Бәйменов келді. Оның кандидатурасы бүгін, 1 қазанда Орал қалалық мәслихатының кезектен тыс 15-сессиясында мақұлданды.

Айта кетейік, Орал қаласының бұрынғы әкімі Миржан Сатқанов 2024 жылдың шілде айында қызметінен кеткен болатын.

Мұрат Бәйменов 1969 жылы дүниеге келген. 2002 жылы Орталық Азия университетін экономика және қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Осы жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша совхоз есепшісі, бас экономист, қаржы басқармасы бастығының орынбасары; Батыс Қазақстан бойынша қаржы басқармасы бастығының орынбасары; Зеленов ауданы әкімінің орынбасары; Батыс Қазақстан бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары. 2020 жылдан – Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет істеді.

Айта кетейік, бүгін, 1 қазанда Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметке Әзімбек Пазылбекұлы келді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін