Қазақстанда "Даналық — ұстаздан" республикалық акциясы өтуде

Фото: Министерство просвещения РК
Акцияға 3 миллионнан астам білім беру ұйымдарының оқушылары қатысып, бір мезгілде "Ұстазым" әнін орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Акция қазақстандықтар арасында кең қолдау тауып, оған балабақша тәрбиеленушілері мен оқушылардан бастап, мемлекеттік қызметкерлер, құтқарушылар, дәрігерлер және еліміздің танымал тұлғалары өз ұстаздарына әлеуметтік желілерде алғыс білдіру арқылы үн қосты.

Іс-шара педагогтерге құрмет пен алғыс білдіруге, сондай-ақ "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында жас ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Сіз де #Біртұтас_тәрбие және #Даналық_ұстаздан хэштегтерін пайдалана отырып, сүйікті ұстазыңыз туралы қысқа бейнежазба түсіріп, ұстазыңыздың оқу мен тәрбиедегі үлесі үшін алғыс білдірсеңіз болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы