Қатар Қазақстанға 20 млрд доллар инвестиция салады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қатарлық инвесторлар Қазақстанға 20 млрд доллар инвестиция құяды. Бүгін Сенатта тиісті заң жобасы мақұлданды.

Құжат екі елдің телекоммуникация, энергетика, мұнай-химия және басқа да салалардағы бірлескен жобаларын іске асыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақты нығайтуға арналған. Жалпы 9 ауқымды жоба жүзеге асырылады.

Соның арасында "Bereke Bank" АҚ-ның 100% акциясын сату да қарастырылған. Жобаларды жүзеге асыру кезінде 14 мың, ал іске қосылған соң 3 мың адам жұмыспен қамтылмақ.

Тиісінше Қатар инвесторларына салықтық жеңілдіктер берілмек, деп жазады qazaqstan.tv

"Үкімет осы келісімнің ережелерін қандай да бір елеулі түрде өзгерте алатын, кедергі келтіретін, күшін жоя алатын немесе алып тастай алатын қандай бір заңнамалық актілерді қабылдай алмайтыны туралы, жүзеге асырмайтыны туралы кепілдік береді. Келісім инвесторлар үшін тәуекелдерді азайтуды, тартымды инвестицялық орта қалыптастыруды көздей отырып, елімізге жалпы сомасы 20 млрд АҚШ долларына жуық инвестиция тартуға мүмкіндік береді." Бибігүл Аққожина, Сенат депутаты

Отырыс барысында Мемлекет басшысының Жарлығымен Сенат депутаты болып сайланған Марат Қожаев ант берді. Ол Палатаның Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің құрамына сайланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды