Ақтауда есірткі қылмысына қатысы бар екі тұрғын 10 жылға сотталды

Сурет: polisia.kz
Мамыр айында Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 36 жастағы көкшетаулық екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілердің жалдамалы пәтерлеріне тінту жұмыстарын жүргізу кезінде 415 грамм мефедрон мен 13 грамм кокаин, сондай-ақ есірткіні орауға арналған қажетті құралдар тәркіленді.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен күдіктілер есірткі, психотроптық заттарды, өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу дерегі бойынша кінәлі деп танылды.

Оларға 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер