Қазір фермерлер мен шаруа қожалықтарынан жиналған артық қаржы қайта есептеліп жатыр. Ол иелеріне қайтарылады, деп жазады qazaqstan.tv.
"Салықтың 10%-дан 50%-ға дейін көтерілуі заңсыз екені анықталды. Тек қана Ақсу қаласы прокуратурасының наразылығынан кейін осы қаулы өзгертілді. Және 700 ден аса кәсіпкердің құқығы қорғалып, олардың салық ставкасы төмендетілді." Асхат Әтікеев, облыс прокурорының көмекшісі
Дәл осындай жағдай Баянауылда да болған. Қазір прокуратура тексеріп жатыр. Жақында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланып отырған 650-ден астам шаруаға салық ретінде жиналған артық ақшалары қайтарылады, дейді құзырлы орган өкілі.
Оқи отырыңыз