Жоғалған қазақстандық сарбаз сүйегінің қалдықтары шамамен 80 жыл өткеннен кейін Ресей аумағынан табылды

Сурет: pixabay
"Терроризмге қарсы комитет" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҰҚК запастағы полковнигі Аманжол Оразбаев, қалдықтары Ресейдің Новгород облысында табылған сарбаздың туыстарын іздеуде көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ақпараты бойынша, қалдықтар жеке траншеядан табылып, толық сақталғандықтан, қазақстандық сарбазды туған жеріне әскери құрметпен әкелуге және жерлеуге мүмкіндік бар.

"2024 жылғы еске алу вахтасы барысында Новгород облысының Старая Русса қаласында "өлім медалі" бар сарбаздың қалдықтары табылды. Ұзақ уақыт өткеніне қарамастан, зерттеушілер – сарбаздың туған жері/әскерге шақырылған жері — Семей облысының Белағаш ауданы екенін және оның қайтыс болғаны туралы хабарламаны кімге жіберу керек екендігін – Белебаева, сондай-ақ, өзге де деректерді ішінара қалпына келтіре алды", — деп жазды Аманжол Оразбаев өзінің Facebook парақшасында.

Ол сарбаз 1942 жылдың қарашасына дейін шақырылғанын, өйткені "өлім медальондары" солдаттар мен сержанттарға осы күнге дейін берілгенін атап өтті.

31 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында 96 жасына қараған шағында Ұлы Отан соғысы ардагері Дмитрий Петрович Сергеев өмірден озды.

Дмитрий Петрович 18 жасында соғысқа аттанып, жөндеу взводында, 72-ші байланысшылар жобалау-монтаж тобында бөлімше командирі болды. Оңтүстік Сахалин, жапон соғысына қатысты. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған. Соғыстан кейін Куйбышев және Ленин атындағы зауыттарда 30 жылдан аса еңбек етті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Гимнаст Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде топ жарды