Көлік полицейлері 18 жастағы есірткі таратушыны теміржол бойында ұстады

Сурет: polisia.kz
Көлік полицейлері Қостанай облысының 18 жастағы тумасынан 50-ден астам бумадағы есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қостанай облысының 18 жастағы тумасынан аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткіні тәркіледі. Ол Ақтөбе – 1 – Жіңішке өткеліндегі теміржол бойында ұсталды.

Көлік полицейлері жеке тінту кезінде оның әмиянынан дозаларға бөлінген ұнтақ тәріздес зат салынған 51 буманы тауып, тәркіледі.

Сонымен қатар, ұсталған азаматтың мекен-жайын тінту кезінде дозаларға бөлінген мефедрон ұнтақ тәріздес психотроптық зат салынған бума табылып, тәркіленді.

Алынған психотроптық заттың жалпы салмағы 560 грамнан асады, бұл аса ірі көлемге жатады.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды