Жамбыл облысының ауылдық елді мекендерінде биыл 8 Мәдениет үйі пайдалануға беріледі

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Республика күні және Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойына орай Талас ауданы Көктал елді мекенінде ауылдық Мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Аталған мәдениет нысанының құрылысын мердігер — "Taimas Construction Company" ЖШС бес айдың ішінде аяқтаған.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Клубтың салтанатты ашылу жиына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысып, мәдениет саласын дамытуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Мәдениет ошағының ашылуы – рухани жетістігіміздің бір жемісі, жақсылықтың көрінісі. Өйткені өсетін ел мәдениетіне мен руханиятына аса мән берген. Мәдениеті жоғары ұлт қана әлемдегі өркениетті елдердің ортасынан орын алатыны сөзсіз. Мемлекет басшысы мәдениет пен өнерді дамыту мемлекетіміз үшін негізгі басымдықтың бірі екендігін алға қойып отыр. Ауылды елді мекендерде ашылып жатқан осындай нысандар соның бір көрінісі", – деді Серік Жақсылықұлы.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, 2021 жылдан бері облыс көлемінде 18 мәдениет нысанының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ал биыл 16 мәдениет нысанының құрылысы басталып, жыл аяғына дейін 8 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған