Ақтөбелік полицейлер тәртіпке бағынбаған жүргізушіні қуып жүріп ұстады

Фото: Zakon.kz
18 қазанда Мәртөк ауданы полиция қызметкерлері масаң күйде автокөлік басқарған азаматты қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД ақпаратынша, 18 қазанда сағат 17.00-де полиция қызметкерлері Мәртөк ауданы Сарыжар аулында патрульдеу кезінде масаң күйде көлік жүргізген 46 жастағы "Audi" жүргізушісін тоқтатты. Ол:

Тексеріс барысында жүргізушінің сот шешімімен бір жыл бұрын көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айырылғандығы анықталды.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды",- деп мәлімдеді ПД.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік жүргізбеуді еске салды.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін