25 қазанда ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс істей ме

Фото: gov4c.kz
Қазақстанда ертең, 2024 жылғы 25 қазанда Республика күні атап өтіледі. Осыған байланысты Zakon.kz тілшісі осы күні Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ арнайы ХҚКО-ның жұмыс кестесі қандай болмақ екенін зерттеді.

Толығырақ бізге бұл сұраққа "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жауап берді.

"25 қазан Республика күніне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы үшін 26 қазан, яғни, сенбі жұмыс күні болып саналады. Олар 13:00-ге дейін жұмыс істейді",- делінген ақпаратта.

Мемлекеттік мекеме ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтіндігін еске салды. Сондай-ақ, кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 20:00-ге дейін, сенбі күні 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтарға ХҚКО қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа функция қосылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады