Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО қызметкерін үйге шақыра алады

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, паспорт, цифровые документы, удостоверение личности, ЭЦП, электронная цифровая подпись , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2024 16:52 Фото: gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қазақстандықтарды жақсы жаңалықпен қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік корпорацияның ақпаратынша, енді азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа сервисті пайдалана алады.

"Енді қазақстандықтарға мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа сервисті пайдалана алады. Белгіленген уақытта маман көрсетілген мекенжай бойынша келіп, мемлекеттік қызметті көрсете алады",- делінген хабарламада.

ХҚКО-дан тыс жерде менеджерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда мемлекеттік қызмет түрінің кез келгенін көрсете алатыны айтылды.

"Айта кетейік, пилоттық жоба Қазақстанның барлық өңірлерінде іске қосылды. Сервисті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында "жеке менеджерді үйге шақыру" батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру қажет. Сондай-ақ, өтінімдерді 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да беруге болады. "Азаматтарға арналған үкімет" мамандары мәліметтерді нақтылау мақсатында және менеджердің келу уақытын белгілеу үшін қызмет алушымен байланысатын болады".Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ

"Азаматтарға арналған үкімет" Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев атап өткендей, мемлекеттік корпорация тұрақты түрде сервистерді жетілдіру үшін жұмыс жүргізуде.

"Бұған дейін біз жеке менеджерлер арқылы ХҚКО-да басым кезек арқылы қызмет алу мүмкіндігін іске асырған болатынбыз. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарын үйге шақыртып, қызметті үйден шықпай алуға болады. Бұл уақыт үнемдегісі келетін азаматтар үшін өте ыңғайлы", — деді ол.

Баспасөз қызметі мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу жобасын да іске асырғанын еске салды.

Қазіргі уақытта 144 мемлекеттік қызмет бойынша құжаттар жеткізіледі. Олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелеріне актілер, апостиль қойылған құжаттар, мұрағаттық анықтамалар беру қызметтері бар.

Бұған дейін 30 тамыздағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: