Қандай жағдайда қазақстандықтар аты-жөнін өзгерте алады

Қандай жағдайда қазақстандықтар аты-жөнін өзгерте алады , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 17:12 Сурет: Zakon.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қазақстандықтарға қандай жағдайда тегін, атын немесе әкесінің атын (ТАӘ) ауыстыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, аты-жөнін өзгерту үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет.

"Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету үшін мәліметтерді өзгерту үшін дәлелді себептер болуы қажет", — делінген 2024 жылғы 13 тамызда "Азаматтарға арналған үкіметтің" Instagram-да жарияланған хабарламасында.

Аты-жөнін өзгертуге рұқсат етілетін себептер:

  • аты, әкесінің аты, тегінің оғаш естілуі;
  • атын, әкесінің атын, тегін айтуда қиындықтар туындауы;
  • егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегі қалса немесе некені мемлекеттік тіркегеннен кейін жұбайы тегін басқасына ауыстырса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайының тілегі;
  • бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
  • егер некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
  • өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-анасының әр түрлі ұлты кезінде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;
  • жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
  • құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;
  • жұбайы қайтыс болған жағдайда және егер өтініш беруші некеге дейінгі тегінде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
  • ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі;
  • егер некеге отырған кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
  • өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және (немесе) әкесінің атын алғысы келуі;
  • жынысы хирургиялық жолмен өзгерген кезде таңдалған жынысқа сәйкес келетін есімді, әкесінің атын, тегін алғысы келуі.

"Қандай да бір өзгерістер болған жағдайда жаңа құжаттарды дайындауға өтініш беру қажет", – деп толықтырды Мемлекеттік корпорация.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: