Талғардағы уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен күдікті Бекарыс Қалмырзаев ұсталды

Фото: Zakon.kz
Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті Бекарыс Қалмырзаев Тереңқара ауылының шетінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД ақпаратынша, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті Тереңқара ауылының шетінде тұтқындалған.

Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына келесі топ өкілдері белсенді түрде атсалысты.

Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады.

"Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіреді",- делінген ақпаратта.

22 қазанда қашқынның жеке басы анықталып, іздеу жарияланған болатын.

Қазақстан
Алматы облысы
Шпекбаев Алик

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді