Ақмола облысында мүгедектігі бар 16 жастағы қыз бір аптадан бері табылмай жатыр

Сурет: instagram/sinegor.kz
Ақмола облысында бір апта бұрын үйінен шығып, оралмаған 16 жастағы қызды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 қазанда Қосшы қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын 2008 жылы 23 желтоқсанда туған кәмелетке толмаған қызы Сәрсенова Дильназ Ерланқызын табуды сұрап арызданған. Ол 19 қазан күні таңертең үйінен шығып кеткен, қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз. Ол телефон қоңырауларына жауап бермейді.

Полицейлер қыздың үйден бірнеше рет шығып кеткенін, бірақ кейін оралып жүргенін анықтады. Бұған қоса, жасөспірім мүгедек.

Әуеліде жоғалып кеткен қыздың әкесі қызын өзі іздеп көрген, бірақ нәтиже шықпаған. Осыдан кейін әке-шешесі көмек сұрап, құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болған.

Үйден шығарда қыздың үстінде сұр пальто, қара аяқ киім болған. Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, арық денелі, шашы иығына дейін жеткен, қоңыр түсті.

Полицейлер азаматтардан кәмелетке толмаған қызды табуға көмектесуді сұрап отыр. Ол туралы қандай да бір мәлімет білетіндер 102 нөміріне хабар бере алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Жаңбыр, қар және күтпеген жылы күн райы: Қазгидромет Алматыда қараша айының қандай болатынын айтты

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды