Итті тірідей өртеп жіберді: Атырауда жануарға қатігездік өрсеткен екі адам сотталды

Сурет: рixabay
Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жануарға оның өліміне алып келген қатыгездікпен қарау болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған екі айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айыпталушылардың біреуі кәмелет жасына толмаған.

Сотпен анықталды:

2024 жылдың жаз айында сотталушылар өзара сөз байласу арқылы көшеден ит жануарын ұстап алып, оны бағанаға байлаған. Сотталушының бірі иттің үстіне жанар-жағар май құйып, өртеген, ал екіншісі ит жануарын темірмен бірнеше рет ұрып, нәтижесінде жануардың өліміне әкеп соққан.

"Сотталушылардың кінәлары куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен толық өз дәлелін тапты. Сондай-ақ, сотталушылар ҚК-тің 316-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылды",- делінген сот ақпаратында.

Сотталушылардың жазасын жеңілдететін мән-жайлар — шын жүректен өкінуі, жастығы және бұрын сотты болмағандары, сондай-ақ жазасын ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескеріле отырып, оларға 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Бұған дейін Саран қаласының әкімі мен ТКШ басқармасының басшысы жылыту жүйесіндегі ақаулық үшін жазаланғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Тұтынушылық-бақылау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты