Алматы облысында тағы бір есірткі зертханасы анықталды

Сурет: polisia.kz
Алматы облысы Бесағаш ауылының маңында психотроптық заттарды заңсыз өндірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция тоқтатқан көлікті тексеру барысында жолаушылар орындығында 22 жастағы ер адам болған. Жеке тінту барысында одан ерекше иісі, ұнтақ заты бар қара полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

"Одан әрі жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдіктіге тиесілі жалға алынған гаражға тінту жүргізді. Тексеру кезінде 11 пластикалық бөтелке тәркіленді, ол ұсталған адамның айтуы бойынша сұйық күйдегі мефедрон екен. Сонымен қатар әртүрлі контейнерлерде, соның ішінде тоңазытқышта сақталған прекурсорлар мен ұнтақ заттар бар екі канистр табылды. Сараптама нәтижелері бойынша алынған зат жалпы салмағы 1,7 келіден астам "альфа-PVP" психотроптық заты екені расталды", - деді Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ бастығы Ардақ Қайсаров.


Психотроптық заттарды заңсыз дайындау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды