Астана әуежайы жоғалып кеткен багажды 1060 теңгеге сатады - фейк

Алаяқтар тағы бір жаңа айла тәсілге көшкен. Енді олар Астана әуежайындағы жоғалып кеткен багаждарды 1060 теңгеден сатуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқтардың сөзінше, әуе айлағындағы қойманы иелері алып кетпеген жоғалған жүктен босату керек екен. Жүкті сатып алу үшін сілтеме бойынша өтіп, 1060 теңге төлеу қажет — жалған.

Сурет: Stopfake.kz

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі Stopfake.kz сарапшыларына жалған жарнамаға қатысты түсініктеме берді.

"Егер сіз елорданың әуежайына әкелінген және қалаға кезде алмаған жүгіңізді жоғалтсаңыз, ол бір ай бойы қоймада сақталады. Осы мерзім өткен соң, иесі табылмаса, иесіз чемодандар бастапқы жөнелту пунктіне жіберіледі".Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы

Сондай-ақ, әуежай баспасөз қызметі жолаушылар жоғалтқан жүк сатылмайтынын немесе үшінші тұлғаларға берілмейтінін атап өтті.

Бұған дейін алаяқтардың 1414 нөмірін де пайдаланып жатқандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: