Қазақстанда анаболикалық стероидтарды АҚШ пен Еуропаға контрабандалық жолмен өткізу схемасы әшкере болды

Сурет: Telegram/afm_rk
Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының келісімімен Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) күшті әсер ететін заттарды Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ірі көлемде заңсыз өткізу фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасының үйлестірумен Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ірі көлемдегі ауыр препараттарды заңсыз өткізу фактісін анықтады.

Бір топ адам алдын ала сөз байласып, витаминдер түрімен жасырылылған, құрамында адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттар бар анаболиктерді, стероидтерді (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 120 бұйрығы) Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткені анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдастырушылар препараттарды сақтап, буып-түюмен айналысқан мекенжайы табылды.

206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді.

Аталған азаматтар ұсталып, оларға қатысты сот "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасын қолданды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты