Ақордада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Ақордада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрлерінің, Бас прокуратура, ҰҚК, ІІМ өкілдерінің, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, буллингтің алдын алу және білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

Сондай-ақ, кеңес барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша жүйелі және жедел шараларды іске асыру барысы талқыланды.

Мемлекеттік кеңесші балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқашан мемлекеттің назарында екенін атап өтті. Жалпы, мемлекеттік органдар аталған бағытта қажетті институционалдық шешімдер әзірледі, алдын алу тетіктері мен ден қою алгоритмдерін құрды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты