СҚО-да полицейлер толғағы қысқан әйелді перзентханаға жеткізді

Сурет: polisia.kz
СҚО-да ауыл тұрғыны толғағы қысқан әйелін перинаталдық орталыққа жеткізуге көмектескен полицейлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіне Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғыны хабарласып, толғағы қысқан әйелін Петропавлда орналасқан перинаталдық орталыққа уақытылы жеткізуге көмектескен патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне алғысын айтты.

Азамат пен оның әйелі бесінші балаларын күтіп отыр, бірақ полицейлерге алғаш рет жүгініп отыр. Ерлі-зайыптыны облыстық перинаталдық орталыққа апара жатқан ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісі патрульдік автокөлікті көре сала, бірден полицейлерден көмек сұрады.

СҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторлары Ержан Оңбаев пен Константин Пеньков бұл туралы кезекші бөлімге хабарлады. Олар жарқылдауық маяктары мен сиренасын қосып, ауылдықтар мінген көліктің алдына түсті. Жарты сағат ішінде аяғы ауыр әйел медицина қызметкерлеріне табысталды.

"Жігіттерге рақмет, оларға мықты денсаулық және сәттілік тілеймін! Адамдарға дер кезінде көмекке келетін осындай қызметкерлер жол үстінде жүрсе, өзімізді қауіпсіз сезінеміз", - деді Азамат.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін