Тоқаев Франциядағы атом өнеркәсібі көшбасшысы саналатын компанияның президентімен кездесті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Orano S.A. компаниясының президенті Николя Масты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Orano S.A. компаниясының Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуда әлеуеті зор екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы аталған серіктестік елімізде жоғары технологияны ілгерілетуге, сонымен қатар Францияны қауіпсіз әрі сенімді табиғи уранмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесуде ғылыми-техникалық, сондай-ақ сирек кездесетін металл өндіру мен өңдеу саласындағы қазақ-француз стратегиялық серіктестігін нығайту перспективалары талқыланды.

Orano S.A. – халықаралық ірі өнеркәсіп компаниясы, Франциядағы атом өнеркәсібінің көшбасшысы. Былтыр компанияның кірісі 4,8 миллиард еуроны құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді