Көлік нөмірін қағазбен жауып қойған азамат жүргізуші құқығынан айырылды

Фото: Zakon.kz
Жуалы ауданындағы полиция қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын мемлекеттік тіркеу нөмірлері оқылмайтын автокөлікті басқарғаны үшін ұстады.

Sitrak көлігі Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар жолының 564-шақырымында тоқтатылды.

Тексеру барысында жүргізуші мемлекеттік нөмірлердегі әріптерді қызыл қағазбен жауып тастағаны анықталды. Ол тауарды Ташкент қаласынан Алматы облысына тасымалдаушы екен.

Ер адамға қатысты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған көлiк құралын басқару бойынша хаттама жасалды.

Көлік айып тұрағына қойылды. Сот шешімі бойынша ер адамға қатысты бір тәулікке қамауға алу және 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда скринингтен қашан және қалай өтуге болады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Алматыда жаңа базар ашылады

Қазақстанда 230-дан астам жаңа өнеркәсіптік жоба дайындалды