Досаев Жетісу ауданында: халықтың базынасы мен әкімнің уәделері

Алматы әкімі Ерболат Досаев 15 қарашадағы жұмыс сапары барысында Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесті. Бірнеше нысанды аралап көріп, бірқатар уәделер берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен әкім Теректі шағын ауданында 2000 орындық жайлы мектептің құрылысымен танысты. Қала басшысы нысанды 2025 жылдың қаңтар айында, үшінші тоқсанның басында ашуды тапсырды.

"Құрылыс "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында басталып, орын тапшылығын шешуге көмектесуге тиіс. Қазір ауданда 31 мектеп бар, онда шамамен 58 мың бала білім алады, ал орын тапшылығы шамамен 5 мың. Осы бағдарлама аясында Алматыда 36 800 орынға арналған 22 мектеп салу жоспарланып отыр",- делінген әкімдік ақпаратында.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Артынша Алматы әкімі Ерболат Досаев Қарасу шағын ауданындағы медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығының жаңа ғимаратына барды.

Бұған дейін 18 мыңнан астам тұрғын небәрі 160 шаршы метрлік №21 емхана филиалынан көмек алып келген еді. Енді Қарасу және Өжет шағын аудандарына қызмет көрсететін заманауи бес қабатты орталық салынып, шамамен 20 мың адамды қамтуға дайын.

Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, әкімнің тапсырмасымен жаңа орталықтың құрылысы 2023 жылдың ақпанында басталып, қазір толық аяқталды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Досаев Алатау ауданына жұмыс сапары барысында Боралдай шағын ауданындағы су және кәріз жүйелерінің құрылысын тексерді. Қалаға 2014 жылы қосылған бұл ауданда инженерлік желілер болмаған еді.

"Былтыр қыркүйектен бастап 76,4 км жаңа коммуникация салу бойынша ауқымды жоба қолға алынды: оның 52,1 км су құбырына және 24,3 км кәріз жүйесіне тиесілі. Бұл Боралдайдың 4 мыңнан астам тұрғынын орталықтандырылған желілермен қамтамасыз етеді".Алматы қаласы әкімдігі

Қазіргі уақытта 7 км желі төселді, ал құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған қоса, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты.

Енді Зерделі шағын ауданында күн сайын 200-ге жуық қала тұрғыны спортпен шұғылдана алады. Кешенде спорт, тренажер, бокс және хореография залдары, сондай-ақ үстел ойындарына арналған зал бар. Барлық кеңістік пен инфрақұрылым мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға бейімделген.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, Алматыда стихиялық қоқыс орнының орнына жасыл аймақ салынған болатын. Досаев бүгінгі жұмыс сапарынданысанды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесті.

"Қаламызда бос жер телімдері жоқ, сондықтан келесі жылы кішігірім скверлер мен саябақтар сезімін қалыптастыру үшін шағын аумақтарға да ағаш отырғызуды бастаймыз. Біз 5-10 сотық жерлерді көріктендіріп, серуендеуге арналған орындарға айналдырамыз. Мұндай бағдарламаны бүкіл қала бойынша жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз", — деді қала басшысы.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы қала тұрғындарының бастамаларын белсенді түрде қолдайды. Биыл оған 18,8 млрд теңге бөлініп, аулалар, скверлер, ойын және спорт аймақтарын абаттандыруға арналған 364 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: