Алматыда жаңа Оқушылар үйі ашылады

Алматының Бостандық ауданында 2025 жылдың басында жаңа оқушылар үйінің құрылысы аяқталады. Қала әкімі Ерболат Досаев №3 оқушылар үйінің жаңа ғимаратының құрылыс алаңына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпаратынша, 55 жыл бұрын ашылған №3 Оқушылар үйі апатты ғимараттың орнына жаңа орталыққа көшеді. Бүгінде жұмыстың 80%-ға орындалған.

Жаңа ғимаратта 12 шығармашылық кабинет, лекторий, ішкі бақ қарастырылған. Бұл орталықта 5 пен 17 жас аралығындағы 2 000-ға дейін бала апта сайын білім ала алады. Мұнда бағдарламалау, 3D модельдеу, бейнелеу өнері үйірмелері мен пікірталас клубы жұмыс істейді.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ерболат Досаев мұндай нысандардың барлығы ерекше қажеттілігі бар балаларға толықтай бейімделуі тиіс екенін айтып, барлық баланың қабілетін ашуға жағдай жасалатынын атап өтті.

Сонымен қатар, әкім Sham School мектебіне барды, онда оқушылар бейножасау, фотосурет, анимация, монтаж және сурет салу сияқты заманауи шығармашылық дағдыларды меңгереді.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінде Алматыда 300 мыңнан астам бала қосымша біліммен қамтылған. Биыл қалада үш жаңа шығармашылық орталығы салынып жатыр.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, әкім Алмалы ауданындағы №136 гимназия мектебіне барып көрді.

Оның ,ғимараты 35 жылда алғаш рет жаңартылған.Мекеме ек күрделі жөндеуден өтіп қана қоймай, сейсмикалық тұрақтылыққа да күшейтілді.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта мектепте 750 оқушы білім алуда. Сыныптар интерактивті панельдермен және жаңа жиһаздармен жабдықталған. Сонымен қатар үйірме кабинеттері мен спорт алаңдары жаңартылып, мектеп аумағы көгалдандырылып, жайлы демалыс орнына айналды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкім білім беру мекемелерін жаңғырту – негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Соңғы жылда Алматыда сейсмикалық төзімділігі арттырылған сегіз мектеп жөнделді. Жоспарға сәйкес, жаңа оқу орындары салынып, мектепке дейінгі орындар көбейтіледі.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, қала басшысы жаңа SANA URPAQ балабақшасына да барды. Балабақша 11 топқа арналған және балалардың білім алуы мен дамуына заманауи технологиялармен жабдықталған.

Бұған дейін 2025 жылы Алматыда тұрғын үйді басқару және ұстаудың ең төменгі тарифі қандай болатындығы хабарланған болатын. 

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: