ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасының нейрохирург дәрігерлері, невропатологтары мен реаниматологтары миішілік қан кетудің ауыр түрімен ауырған әйелдің өмірін сақтап қалды.
"Пациентке артқы ми артериясының аневризмасының жарылуы диагнозы қойылды. Бұл асқыну кома, парез, аяқ-қолдың сал ауруы түрінде неврологиялық тапшылыққа әкеледі.Компьютерлік томографияның нәтижелері мидың бұзылуы және өлімге әкелуі мүмкін мишыққа, ми діңіне қан кетуді көрсетті", - дейді пациенттің емдеуші дәрігері Гүлнара Бөпешбаева.
Пациентке нейрохирург дәрігер Марат Римұлч Ғизатуллин сәтті операция жасады.
Ол сыртқы вентикулярлық дренаж жүргізді.Сондай-ақ, өмірді сақтап қалуға реаниматолог дәрігерлер Үдербаева Карина Өмірғалиқызы, Мұратбеков Марат Сарсекұлы, Жиренбаев Данияр Қаратайұлы, Телағұсов Қуаныш Ордабайұлы, Рахимов Қанат Исабекұлы қатысты, олар барлық қажетті алғашқы көмек көрсетіп, күрделі операцияға қатысып, операциядан кейінгі кезеңде көмек көрсетті.
Мұндай диагнозбен тірі қалу деңгейі өте сирек кездесетінін айта кету керек. Дәрігерлердің айтуынша, аурудың бұл түрінің дамуының негізгі себебі артериялық гипертензия нәтижесінде тамырдың жарылуы болып табылады. Сонымен қатар, қан кетудің себебі қанды сұйылтатын препараттарды, ми артерияларының патологиялық өзгерген қабырғаларын, ісіктерді және басқа да бірқатар патологияларды бақылаусыз қабылдау болуы мүмкін.
Өмірін сақтап қалған әйелдің ұлы дәрігерлерге біліктілігі, үйлесімді командалық жұмысы үшін шексіз ризашылығын білдіреді және анасының өмір сеқтап қалған мамандарға зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.
"Енді операциядан кейін бір ай өткен соң пациент мамандандырылған медициналық орталықтарда оңалтудан өтеді. Жақындары мен дәрігерлер өмірлік маңызды функциялардың қалпына келуін үлкен үмітпен күтеді. Күрделі операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін жүргізілді". ҚР ДСМ баспасөз қызметі