"Астана айналма жолы" автожолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: pexels
"Астана қаласының айналма жолы" автомобиль жолының 8-22 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына 2026 жылғы 15 маусымға дейін уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 31 мамырда "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Жөндеу жұмыстары кезеңінде Қарағанды бағытына қатынайтын көлік құралдарының қозғалысы уақытша ұйымдастырылған айналма маршрут арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, жүргізушілер Қостанай, Көкшетау, Қосшы және Қарағанды бағыттары арқылы жүре алады.
Жұмыс жүргізілетін учаскеде уақытша жол белгілері мен ақпараттық көрсеткіштер орнатылды.
Компания осыған байланысты жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды, белгіленген жылдамдық режимін ұстануды және жол қозғалысы ережелерін қатаң орындауды сұрады.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз", – делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript