Ведомство мәліметінше, қызметкерлерге сыйақы беру дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен жүргізіледі.
"Бұл ретте сыйлықақыларды төлеуге бюджеттен қаражат бөлінбейді, төлемдер мемлекеттік органдарды ұстауға көзделген бюджет қаражаты үнемделген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қызметкерлерге берілетін сыйлықақылардың мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен көрсетілген шығыстардың баптары бойынша қатаң тәртіппен тиісті мемлекеттік органды ұстауға көзделген қаражаттың қалыптасқан үнемделуінің жиынтық сомасы бойынша айқындалады", – деп түсіндірді Алматы қаласының мәдениет басқармасы.
Өтінішті қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес қызметкер "белгіленген тәртіппен оған шағымдануға" құқылы.
Бұған дейін Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу туралы түсіндірген болатын.