Астанада алтынды заңсыз өндіргені үшін ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары сотталды

Сурет: Zakon.kz
Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақмола облысында алтынды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобына қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 қатысушысы құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірумен және өңдеумен, сондай-ақ, зергерлік бұйымдарды қолдан өндірумен айналысқанын дәлелдей алды.

"Жалған алтын зергерлік бұйымдар елдің базарлары мен зергерлік дүкендерінде сатылған. Қылмыстық схеманы Ресей мен Украина азаматтарын тарта отырып, Қазақстан азаматы ұйымдастырған. Мемлекетке келтірілген залал 250 млн теңгені құрады", - Бас көлік прокуратурасы.

Сотталғандар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы