Көне шаһардағы қоғамдық көліктердің қатары жаңа 20 автобуспен толықты

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы
Тараз қаласын өркендетуге бағытталған үш жылдық даму жоспарында ерекше басымдық берілген мәселелердің бірі – қоғамдық көліктерді жаңарту, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы 2 жылдың бедерінде бұл бойынша нақты жүйелі жұмыстар қолға алынды. Айталық, осы мақсатта бүгін жаңа 20 автобус ел игілігіне берілді.

Шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, қоғамдық көліктердің кілтін салтанатты түрде табыстады.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы

Атап айтсақ, "ӘулиеатаТрансПасс" ЖШС тарапынан жеткізілген 15 бірлік "Isuzu" маркалы автобустардың 8-і №44, қалған 7-еуі №23 маршруттардағы ескірген көліктерді алмастырады. Ал "RashLau" ЖШС-не тиесілі 5 автобустың 3-еуі №13 маршрутқа берілсе, 2-еуі №18 бағытты толықтырады. Өзбекстанда шығарылған 70 адамға арналған аталмыш автобустың барлығы төмен еденді пандуспен жабдықталған.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы

Жалпы үш жылға бағытталған даму картасы аясында көне шаһарға 2023 жылы 73 бірлік жаңа автобус жеткізілсе, биылдың өзінде олардың қатары 155 автобуспен толықты. Осылайша биылға жоспарланған 70 автобус алу бойынша меже артығымен орындалды.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы

Осының нәтижесінде №13, №18, №41 бағыттар қайтадан іске қосылса, №28, №34, №46, №54, №55, №61, №33, №40, №16, №44 маршруттарда қызмет көрсететін автобустар толықтай, ал №12, №23, №29, №27 бағыттар ішінара жаңа қоғамдық көліктерге алмастырылды.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы

Бұған дейін Тараз қаласының шегіне бірқатар жерлер қосылғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды