Таразда "Ас беру мәдениеті" тақырыбында кеңес өтті

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен "Тараз – мәдениет мекені" тұжырымдамасы аясында "Ас беру мәдениеті" тақырыбында кеңес өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында алғашқы болып сөз алған шаһар басшысы аталмыш басқосудың маңыздылығына кеңінен тоқталды.

"Ағымдағы жылы Тараз қаласының өзіндік мәдениетін қалыптастырудың "Тараз – мәдениет мекені" атты 2024-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерінің арасында ашық талқыланып, бекітілді. Осы тұжырымдаманың "Тараз – таза қала", "Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру", "Ұлттық құндылықтарды насихаттау" секілді 3 негізгі бағыты бойынша шаралар жоспары әзірленді. Осы тұжырымдаманың аясында халық арасында ұлттық құндылықтарды насихаттап, той мен ас беру мәдениетін жүйелендіру мақсатында бас қосып отырмыз", – деген Бақытжан Әмірбекұлы жиналған қауымды еркін пікір алмасуға шақырды.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Келесі кезекте Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Жасұлан Әбдіманап, қалалық "Әулие ата" мешітінің бас имамы Ержан Аманбаев және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Малтабар Жаманбаев тақырып төңірегінде орамды ойларын ортаға салды.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кеңесті қорытындылаған қала әкімі ас беру мәдениетін қалыптастыруға қоғамның әрбір азаматы белсене қатысуы керектігін айтты.

"Ас берудің саяси-әлеуметтік астарына мән берсек, ол алдымен қазақ елінің өзара бірлігін жақындата түсу, өзгелердің бастарына түскен ауыртпалығына ортақтасып, олардың қайғы-мұңын бөлісу, дүниеден озған игі жақсының өнегелі тұстарын ескеру арқылы оны кейінгі ұрпаққа үлгі ету секілді игілікті іс екені сөзсіз. 2020 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы бойынша барлық мұсылман қауымы үшін ас беру мәдениеті туралы Ереже әзірленген. Бұл ережені қабылдаудың мақсаты – мұсылман қауымының өзіндік құдайы ас беру мәдениетін қалыптастырып, оған қатысты жоралғыларды, қалыптасқан дәстүрді жүйелендіру. Сондықтан, бізге де осы Ережені басшылыққа ала отырып, құдайы ас берудегі жөн-жоралғыларды реттеуіміз қажет", – деген шаһар басшысы имамдарға жұма намазы кезінде жамағатқа ас беру мәдениетін қалыптастыру бойынша түсіндіру және ақпараттық насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді ұсынды.
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады