Жетісу облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар жолдар жабылды

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
2024 жылғы 11 желтоқсанда сағат 23:30-да Жетісу облысы бойынша көлік қозғалысын шектеу қою туралы шұғыл ақпарат тарады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ ақпаратынша, Жетісу облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты "Үшарал-Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады.

Абай облысы ПД дерегінше, Жетісу облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты (боран, бұрқасын, көру мүмкіндігінің жоқтығы) Абай облысы арқылы Жетісу облысына бағыт алған барлық көлік түрлерінің, оның ішінде транзиттік көліктердің қозғалысы уақытша тоқтатылады.

"Шектеу келесі жол учаскелеріне енгізіледі: Мақаншы – Жаланашкөл, 0-133 км, Мақаншы – Үшарал, 0-48 км".Абай облысы ПД

Бұған дейін еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады - синоптиктер

"Ректор гранттары". Отандық ЖОО-лар қанша өзіндік білім беру грантын ұсынды