Ақмолада туыстарының атына несие ресімдегендер анықталды

Фото: Zakon.kz
9 желтоқсан күні Ақкөл қаласының полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша екі өтініш түсті. Жергілікті тұрғындар өздерінің жақындары – немересі мен өгей баласының, олардың сенімін пайдаланып, банктерден алаяқтық жолмен несие рәсімдегенін мәлімдеді.

Зардап шеккендердің айтуынша, алаяқтар "суретке түсіру керек" деген желеумен олардың бейне биометриялық деректерін пайдаланып, онлайн несиелер рәсімдеген.

Бір жағдайда шығын көлемі 1 миллион 772 мың теңгені құраса, екінші жағдайда 2 миллион теңгеден асып түсті. Аталған оқиғалар бойынша полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қарапайым, бірақ маңызды сақтық шараларын естен шығармаңыз. Жеке деректеріңізді, соның ішінде фото және бейне биометрияңызды, ешкімге бермеңіз – тіпті жақын адамдарыңызға сеніп тапсыру қауіпті болуы мүмкін.

Несие тарихыңызды тұрақты түрде тексеріп отырыңыз. Бұл күдікті операцияларды уақытында анықтауға көмектеседі.

Егер алаяқтық әрекеттерді байқасаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз. Банктік қосымшаларда қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін екі факторлы аутентификацияны қосыңыз. Абай болыңыз – алаяқтардың әрекеттері тек қаржылық шығын әкеліп қана қоймай, жақын адамдар арасындағы сенімді де бұзады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды